Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

1078

23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. 

Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

Жамбыл облысында 3 322 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қамту министрлігі баспасөз қызметі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін, жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Жамбыл облысында микрокредитпен 1 561 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 43 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1 271 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 8 967 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 523-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 409-ы жастар практикасына және 5 035 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу