Жамбыл облысында 300-дей орта мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартты

2153

Мол дастархан, сәнді киім, серуендеуге арналған қымбат көлік жалдап, шығынға батпас үшін оқушылар осындай тоқтамға келген.

Жамбыл облысында 300-дей орта мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартты

Жамбыл облысында 292 орта мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес мектеп бітіру кешіне орта есеппен ұл баланың қажеттілігіне 100-150 мың теңге қажет. Ал қыздарға 150-ден 200 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалатын көрінеді.

Қымбат мейрамханадан гөрі мектептің акт залын таңдаған түлектер "Шығынсыз кеш" акциясын ұйымдастырды.

Айта кету керек, биыл аймақта 340 жалпы білім беретін орта мектепті 8796 оқушы тәмамдайды. Оның 67 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. "Алтын белгі" төс белгісіне – 328, ал үздік аттестатқа 245 бала үміткер болып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған облыс бойынша 10 арнайы пункт дайындалған.

 "Мектеп бітіру кештері 12 маусымда "Болашақ жастардікі" деген тақырыппен барлығы мектеп қабырғасында өтеді. Балаларға қамқорлық көрсетпекші. Осы ақшаға қажеттілікке мұқтаж болып отырған көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына береміз деп шешіп отырмыз",– дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Айдын Досыбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу