Жамбыл облысында 300 келіден аса қарасора тәркіленді

371

Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Жамбыл облысында 300 келіден аса қарасора тәркіленді Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі затын дайындау кезінде Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 378 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР ҰҰ “Бүркіт” АМЖ қызметкерлері жүргізді. 

"Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу