Жамбыл облысында 300 қойды ұрлаған күдіктілер ұсталды

220

Ұрланған қойлар Түркістан облысына жеткізілмек болған.

Жамбыл облысында 300 қойды ұрлаған күдіктілер ұсталды Фото: qazaly.kz

Жамбыл облысында полицейлер 300 бас қойды ұрлап, басқа өңірге әкетпек болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мал ұрлығы Байзақ ауданының Сарыбарақ ауылындағы шаруа қожалығында түнгі уақытта болған. Қожайынның жоқтығын пайдаланған күдіктілер қойларды көршілес қараусыз қалған қожалықтың аумағына айдап апарып, кейін жүк көлігіне тиеген. Ұрланған малды күдіктілердің бірінің үйіне жеткізген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнындағы іздер мен жүк көлігінің дөңгелек протекторларының таңбаларын зерттеп, күдіктілердің жеке басын анықтады.

Кейін бейнебақылау камералары арқылы малды Түркістан облысына әкету әрекеті анықталды. Полицейлер тасжолда қой тиелген екі жүк көлігін тоқтатты.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу