Жамбыл облысында 33 460 адам баспана кезегінде тұр

669

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің кезегінде 127 187 адам тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 33 460 адам баспана кезегінде тұр

Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылы жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр 76 көпқабатты үйдің (4 482 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. Оның 39-ы арендалық, 37-сі ипотекалық негіздегі үйлер.

Тұрғын үй құрылысына барлығы 21,9 миллиард теңге бағытталған. 1 қазандағы жағдай бойынша баспана кезегінде 33 460 адам тұр. Биыл бюджет есебінен 1 402 пәтерлі 30 арендалық үй және 1 500 пәтерлі 20 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға беріледі, яғни 2 902 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.

Жыл басынан бері облыста 26 көпқабатты тұрғын үй (1 481 пәтер) пайдалануға берілген.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің кезегінде 127 187 жамбылдық тұр. Осы бағытта инфрақұрылыммен қамтылған 3 861 жер учаскесін бөлу жоспарлануда.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер 1 миллиард теңгеге 121 өтінімді мақұлданған. Сондай-ақ жыл басынан бері 1 564 салымшы тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 13,3 миллиард теңге несие алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу