Жамбыл облысында 34 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды

238

Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жамбыл облысында 34 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысында 384 бас ұсақ малды ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оларға қатысты аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция мәліметінше, күдіктілер биыл шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданында болған төрт мал ұрлығына қатысы бар деп күдіктеліп отыр.

Олар қоралар мен жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды қылған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 34 млн теңгені құрады.

Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алған.

Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу