Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

338

Жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Жамбыл облысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды Фото: egemen.kz

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Жедел деректер орталығының мәліметінше, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59-да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктің 42,50 градусы және шығыс бойлықтың 70,88 градусы. 

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,5, энергетикалық класы – K=10,4.

Ошақ 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу