Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды

225

Бұл учаскелердің кадастрлық құны 55 млн теңгеден астам болады. 

 Жамбыл облысында 4,7 мың гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды Фото: ulysmedia.kz

Байзақ ауданының прокуратурасы 465 гектар жерді заңсыз беру фактісін және пайдаланылмай жатқан 4292 гектар жер телімін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотқа дейінгі тәртіппен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін толық қайтару қамтамасыз етіліп, ал қалған заңсыз берілген жерлер бойынша сотқа жерді жалға алу шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 13.02.2024 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, 465 гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жер учаскелері алдағы уақытта шаруа қожалықтарына заңда белгіленген тәртіппен беру арқылы шаруашылық айналымына тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу