Жуалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 46 бас малының ұрланғаны туралы хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Бес көлікке мінген 14 полиция қызметкері жайылымда жоғалған жылқыларды іздеп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тексеріп, малдардың ізін "көруі мүмкін" деген куәгерлерден де сұрастырды.
"Нәтижесінде полиция қызметкерлері ешкім ұрламаған малды іздеумен айналысқаны белгілі болды, олар жай жоғалып кеткен болып шықты. Жылқылар жайылымның басқа жақ бетінде жайылып жүрген жерінен табылды. Полиция қызметкерлері малды заңды иесіне қайтарды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу