Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты 5 пойыздың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ биылғы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының туындаған табиғи сипаттағы төтенше жағдай келесі жолаушылар пойыздарының тоқтауына себеп болды:
- 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелетін №10 Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2 пойыз 1 күнге кейін шегіндірілді;
- 15 желтоқсан күні Алматы-2 станциясынан жөнелетін №9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
- 16 желтоқсанда Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін №29/30 Атырау-Алматы 1 пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
- 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және кері бағытта 16 желтоқсан Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жүретін №3 Алматы 2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді;
- 15 желтоқсан Алматы 2 және кері бағытта Жезқазған қаласынан 16 желтоқсан жүретін №505/506 Алматы 2-Жезқазған пойызы 1 күнге кейін шегіндірілді.
"Бұл пойыздар қозғалыс кестесінен ұзақ уақыт артта қалады. Жоғарыда көрсетілген бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға ТЖ билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады", - делінген хабарламада.
Учаске бойынша пойыздар қозғалысының белгіленген кестесін қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.
Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар "1433" тегін нөміріне және "KTZH_PP_BOT" бот телеграм парақшасына жүгіне алады.