Жамбыл облысында 2 мыңға жуық есірткі құралдарының ампуласы мен 8 мың литр прекурсор тәркіленді

325

Облыс бойынша барлығы 25 дәріхана, 10 медициналық мекеме тексерілді. 

Жамбыл облысында 2 мыңға жуық есірткі құралдарының ампуласы мен 8 мың литр прекурсор тәркіленді Фото: Polisia.kz видеодан алынды

Полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабының 1, 2, 3-бөліктері бойынша екі қылмыстық теріс қылық, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылықты, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабының 1-бөлігі бойынша бұзушылықтарды анықтады.

Жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген 5 тәулікте барлығы 85 келі 234 грамм каннабис өсімдіктері, 538 грамм 500 мгр кептірілген марихуана, 8 мың литр “күкірт қышқылы” прекурсорлары, 765 грамм “улы заттар” және дәрілік есірткінің 1960 ампуласы заңсыз айналымнан алынды, – деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу