Жамбыл облысында 5 жылда 436 тұрғын үй жөнделді

676

Жамбыл облысында 5 жылда 436 тұрғын үй жөнделді

Жамбыл облысында 610 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, облыста 1574 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 610-ы, яғни 38,7%-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы 2986,236 млн теңгеге 218 үй, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 2489,483 млн теңгеге – 172 үй жөнделді. Жалпы Жамбыл облысында 5 жылда 436 тұрғын үй жөнделді.

Бүгінгі күні тағы 392 үй жөндеуді қажет етіп тұр, бұл жалпы 1574 үйдің 25%-ы.

2017 жылдың 1 ақпанына дейін пәтер иелері бағдарлама аясында 584,615 млн теңгені немесе 64,6%-ын қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу