Бүгінгі күні облыста 27 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, Әділет басқармасынан тіркеуден өтсе, 23 ауыл шаруашылығы кооперативі қайта тіркеуден өтіп, облыста бүгінгі күні 700-ге жуық ұсақ шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтар мүшелері біріктіріліп 50 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, облыста сүт кластері бойынша 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 57 шаруашылық біріккен. Сондай-ақ, егін шаруашылығы бағытында 36 кооперативінің құрамына 631 шаруашылық біріксе, мал шаруашылығы бағытында 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамына 68 шаруашылық біріккен.
"Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану есебінен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу" жоспары бойынша облыста сүт бағытында 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 50 жеке қосалқы шаруашылық мүшелікке тіркелсе, ет бағытында 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 116 жеке қосалқы шаруашылық бірікті.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 40- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 6-ы жеке қосалқы шаруашылықты біріктіру арқылы ет, сүт, көкөніс, құс шаруашылығы өсіру бағытындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру.