Жамбыл облысында 500 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өтеді

463

Жол саласын дамытуға 11,8 млрд теңге бөлінді. 

Жамбыл облысында 500 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өтеді Фото: gov.kz

Биыл Жамбыл өңірінде 557,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мұрат Саурықов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл жол саласын дамытуға 11,8 млрд теңге қарастырылып отыр. 557,4 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 98%, елді мекен көшелері бойынша 85%-ға жеткізу көзделіп отыр", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, былтыр  жергілікті маңызы бар автожолдар мен елдімекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында 9,4 шақырым жол қайта жаңғыртудан, ал 605,2 шақырым жол орта жөндеуден өткен болатын. бұдан бөлек жол жөндеу бойынша 252 жоба іске асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу