Жамбыл облысында 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды

472

Жамбыл облысында 25 қазан – Республика күніне орай бірнеше денсаулық сақтау нысаны ашылды, деп жазады inbusiness.kz Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды

Атап айтқанда, Меркі, Сарысу, Талас және Т. Рысқұлов аудандарындағы ауылдарда ашылған дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер ел игілігіне берілді. Т.Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория 25 адамға арналған.

30 орынға арналған дәрігерлік амбулатория Талас ауданына қарасты Қаратау ауылдық округінің орталығы Есейхан ауылында да пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек Меркі ауданының Гранитогорск ауылында 10 адамға арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Тәтті ауылында бір мезетте 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Сарысу ауданының Әбілда ауылында 5 адамдық медициналық пункт, Тоғызкент ауылында 30 орындық дәрігерлік амбулатория халыққа есігін айқара ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу