Жамбыл облысында 6 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

773

Жамбыл облысында 6 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

Жамбыл облысында 6380 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін ӨҚК-де өткен брифингте облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Мұхаметжанов Арнұр Сағындықұлы айтты, деп хабарлайды Zhambylnews.kz.

ҚР индустриалды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Жамбыл облысында кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша 6380 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда. Осыған сәйкес, жалпы 584,2 млрд теңгені құрайтын 42 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ, осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 133,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар өнімінің көлемі 10,9 млрд теңгені құрап, жалпы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің 12% құрап отыр.

Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 44,5 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,1%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу