Жамбыл облысында 60 көлік қарға батып қалды

616

Ақтүтек боран Жамбыл облысының тұрғындарын әбігерге салып жатыр.  

Жамбыл облысында 60 көлік қарға батып қалды Фото: egemen.kz

Сарысу ауданында 60 көлік қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы жергілікті әкімдік өкілдері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Аудандағы 29 мектепте орналасқан жылыту бекеттеріне  жолда қалған 300-ге жуық адам, оның ішінде 65 бала орналастырылды. Кейін 129 адам Шымкентке, 95-і Таразға жөнелтілді. Қазір жылыту пунктін 30 адам паналап отыр.

Ал, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында төтенше жағдай енгізілді. Бүтін бір шаһар боранның салдарынан жарықсыз қалған. Болжам бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары бүгін аяқталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу