Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілді, деп хабарлайды 24.kz.
Кезінде тоқырау жылдары қаңырап бос қалған көпқабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғыртуға қаржы қарастырылып, баспанаға аса мұқтаж жандарға арендалық тұрғын үй ретінде берілді.
Баспаналы болғандардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы зерттеу, зерделеу жүргізіп барып анықталған.
Үйде бір бөлмелі – 5, екі бөлмелі – 35 және үш бөлмелі 20 пәтер бар екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу