Жамбыл облысы Қаратау қаласында жаңғыртудан өткен 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды zhambylnews.kz.
Мереке қарсаңында пайдалануға берілген бұл арендалық тұрғын үйде екі бөлмелі – 10, үш бөлмелі – 30, төрт бөлмелі 20 пәтер бар.
Пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйден пәтер алған 60 отбасының 40-ы әлеуметтік аз қамтылғандар тобына жатады. Оның ішінде көпбалалы – 17, толық емес – 15, мүгедек бала асыраушы 2 отбасы бар. Сондай-ақ, 1 мүгедек және 5 оралман отбасы пәтер кілтін иеленбек. Қалған 20 пәтер мемлекеттік бюджеттік қызметкерлері мен қызметтік пәтер иеленушілерге тиесілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу