Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

310

Құжаттарға тексеру жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған Фото: inbusiness.kz

3 күн ішінде "Дәрмек" ЖПІШ барысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 8 есірткі қылмысын анықтады, заңсыз айналымнан түрлі есірткі құралдарының 28-ден астам түрі тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараздағы зауыттардың бірін тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар цистерна табылып, тәркіленді. Құжаттарға тексеру жүргізіліп жатыр.

- Үш күннің ішінде 1680 таблетка, 5 келі улы заттар және 59 тонна күкірт қышқылын тәркіледі. 9 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу) бойынша – 8 және ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы (Заңсыз Медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) – 1, сондай-ақ 32 дәріхана, 7 медициналық мекеме және 3 кәсіпорын тексерілді, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу