Жамбыл облысында 65 ауылда медициналық көмек көрсету нысаны жоқ

772

Мәселені шешу үшін өңірде биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ. 

Жамбыл облысында 65 ауылда медициналық көмек көрсету нысаны жоқ

Жамбыл облысында заманауи алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарына зәру 65 елдімекен бар. Тіпті мұндай медициналық нысандар мүлдем жоқ ауылдар да тіркелген, деп хабарлайды 24.kz.

Өзекті мәселені шешу үшін өңірде биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ. Жоспар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Тараз қаласында жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы жобаның құны – 13,9 миллиард теңге. Оның биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 милиардтан астам қаржы бөлінген.

"Жол картасы бойынша былтыр біз 39 нысан алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік. Оның ішінде 30-ы жекеменшік-әріптестік аясында. 2020 жылы 25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 10 пайызды қамтитын болады", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу