Жамбыл облысында 700 миллион теңгеден аса бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған

213

6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Жамбыл облысында 700 миллион теңгеден аса бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған Фото: freepik

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақтағы Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласына жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады.

"Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден астам қаражатты енгізген. Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған. Алайда, шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған", — делінген прокуратура мәліметінде.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу