Жамбыл облысында 8 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

1079

Жүк пойызының вагондары рельстен шығып қалғаннан кейін пойыздар қозғалысы қайтадан іске қосылды, деп  хабарлайды "Қазақстан темір жолы".  

Жамбыл облысында 8 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

Вагондардың рельстен шығып қалуы нәтижесінде теміржол мен жылжымалы құрам зақымданды. Пойыздардың көршілес жол бойымен жүру өлшемі бұзылды, сондықтан пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

"Жол басқармасы бастығының бұйрығымен оқиға салдарын жою үшін оқиға орнына жедел түрде Алматы мен Шу станцияларынан арнайы қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Қалпына келтіру жұмыстары тұрақты режимде жүргізілді. 6 ақпан күні сағат 21.01-де осы учаскеде пойыздардың қозғалысы сағат бойынша қалпына келтірілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаға салдарынан пойыздар кестесі бұзылды. Барлығы сегіз пойыздың қозғалысы бөгелді, оның төртеуі – жолаушылар пойызы.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылғандығы атап өту керек.

Еске салайық, 2021 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып, жолаушылар жолда қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу