Жамбыл облысында 80 автобустың жолаушысы пойызбен жеткізілді

1164

Жамбыл облысында 80 автобустың жолаушысы пойызбен жеткізілді

Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына және Бурный-Түлкібас тас жолының жабылуына байланысты 23 желтоқсан күні жолаушылары бар 80 автобус Бурное елді мекенінде қар құрсауында қалды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, адамдарды Бурное стансасынан облыс орталықтары Тараз және Шымкент қалаларына жедел жеткізуді ұйымдастырды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ басшылығы өңірлік бөлімшелерге жолаушыларды жеткізу туралы тапсырма берді. Сонымен, 9 жолаушылар пойызымен  жолға шығам деп тілек білдірген адамдар жеткізілді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу