Жамбыл облысында 86 ата-ана жауапқа тартылды

262

Іс-шараның алғашқы күнінде 542 полиция қызметкері білім, денсаулық сақтау, прокуратура және қоғам өкілдерімен бірлесіп жұмыс жүргізді.  

Жамбыл облысында 86 ата-ана жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

10 сәуір-6 мамыр аралығында Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған республикалық "Жасөспірім" акциясы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейдтік іс-шаралар барысында:

  • 109 жасөспірім анықталып, оның 2-еуі бейімдеу орталығына жеткізілді;
  • 117 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді;
  • ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіне қатысты 19 жауапсыздық дерегі анықталды;
  • алкоголь өнімдерін сату ережесін бұзған 4 кәсіпкер анықталды;
  • 3 көңіл көтеру орнында сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдер болғаны тіркелді;
  • сағат 23:00-ден кейін балаларын көшеде қараусыз жібергені үшін 86 ата-ана жауапқа тартылды;
  • Балаларының бұзақылық әрекеттері үшін 2 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

6 жасөспірім және 2 отбасы профилактикалық есепке қойылды.

Жасөспірімдерді арнайы білім беру мекемелеріне орналастыру мәселесі бойынша 3 іс сотқа жолданды.

Білім беру ұйымдарында 2622 оқушыны қамтыған 30 сауалнама жүргізіліп, құқықтық мәдениет, есірткі қылмысы, интернет-қауіптер және ұйымдасқан қылмыстың алдын алу тақырыптарында 124 профилактикалық іс-шара, дәрістер, әңгімелер мен брифингтер өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу