Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан "Заңсыз келуші - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды.
Сонымен қатар жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.