Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

127

Олар сот шектеулерін бұзғаны үшін жазаланды.

Жамбыл облысында 98 тұлға бас бостандығынан айырылды Фото: Pixabay.com

Жамбыл облысының прокуратурасы "Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету" жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ,  заңбұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақытылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

Жалпы биылдың өзінде белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды.

Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу