Жамбыл облысында әкімдік бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған

508

Жамбыл облысында ауыл әкімдігі 19 миллион теңгенің ғимаратын сатып алмақ болған.    

Жамбыл облысында әкімдік бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған Фото: foursquare.com

Бюджет қаржысын негізсіз жұмсамақ болғандардың әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің аймақтағы өкілдері әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz.

Сарысу ауданына қарасты Жаңаарық ауылының әкімдігі бұл жағдайды "Сайттың техникалық қателіктен" деп түсіндірген. Бюджет қаржысына жауапты мамандардың ескертпесінен соң мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Сонымен қатар осы аудан әкімдігінен де шикілік шықты. Жергілікті билік құны 40 млн теңге болатын Led экранын 61 миллион теңгеге бағалаған. Бүгінде келісімшарт бұзылып, 21 млн теңге бюджетке қайтарылды.

"2022 жылы 360 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Ал, биылғы жылдың 2 айында 70 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Мониторинг жасау арқылы қылмыстық іске жеткізбеу үшін осыны профилактика ретінде қолданамыз", - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу