Жамбыл облысында алаяқ мүмкіндігі шектеулі адамды алдап, ақшасын иеленген

315

Жуалы аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.  

Жамбыл облысында алаяқ мүмкіндігі шектеулі адамды алдап, ақшасын иеленген Фото: pixabay.com

Сотталушы 2025 жылдың қазанында сотталушы жәбірленуші С.-тің інісінің мүгедектігі туралы біліп, оның атына 5 млн теңгеге қайтарымсыз несие рәсімдеуді ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

С. келісіп, сотталушыға інісінің ІІ-топтағы мүгедектігі туралы құжаттарының көшірмелерін береді. Бұдан әрі сотталушы несиені ресімдеу үшін 300 мың теңге талап етті, жәбірленуші оған да келісіп, сол соманы берді. Сотталушы аталған соманы жеке қажеттіліктері үшін жұмсап, сол арқылы жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Кінә тараптардың айғақтарымен және заттай дәлелдемелермен расталды.

Жәбірленуші С. залалды өтеу және сотталушымен татуласу фактісін растап, ол да іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен ҚК 68-бабының 1-бөлігі негізінде іс бойынша іс жүргізу тараптардың татуласуына және залалдың өтелуіне байланысты тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу