Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалады

1002

Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалады

Қазіргі таңда қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерделеуде. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салу керектігін анықтайды. Жалпы, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 миллион 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.

"Антиандрогендік препараттар тағайындау - ол да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені ол әр адамның физикалық жағдайына байланысты. Оған аллергиялық реакциясы бар ма, жоқ па - соны анықтау үшін бүкіл қан талдауы жүргізіледі. Антиандрогендік препаратпен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді", - дейді ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері Ерлан Әбдібай.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу