Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерлан Құлкеев өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
"Биылғы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын 602,7 мың гектар алқапқа орналастыру межеленіп отыр. Қолда бар мәліметке сүйенсек жоспардағы көрсеткіш 45 мың гектарға артық орындалмақ. Стратегиялық дақыл саналатын қызылша алқабын өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға арттыру да жоспарда бар. Егістік алқаптарын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасына жергілікті бюджеттен 800 миллион теңге қарастырып, онымен 116 мың гектар жерді тыңайту көзделген", - дейді Ерлан Құлкеев.
Оның айтуынша агроқұрылымдарды тұқыммен және техникамен қамтамасыз етуде де мәселе болмайды.