Қаулыға енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Ashyq" жобасының көшбасшылары мәртебесін алған қатысушыларға біршама жеңілдік берілмек.
"Біріншіден, "қызыл" аймақтағы жобаға қатысушылар "сары" аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді. Тұрақты медициналық көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 айда ауырып шыққан адамдарды қоспағанда жұмыскерлердің (персоналдың) кем дегенде 90 пайызына вакцинаның І компонентін еккен кезде нысанның толтырылуы 20 пайызға артады", - делінген қаулыда.
Қаулыға қол қойылған, яғни 20 тамыздан бастап күшіне енеді.
Аян Бекенұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу