Оқиға кеше, 29 шілде кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        