Жамбыл облысында аудандарға 40 шықты жедел жәрдем көлігі берілді

1685

2018 жылы 253,0 млн теңгеге 27 автокөлік сатып алынған болатын.

Жамбыл облысында аудандарға 40 шықты жедел жәрдем көлігі берілді

Жамбыл облысында "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" қарсаңында аудандарға 40-қа жуық арнайы медициналық жедел жәрдем көлігі салтанатты жағдайда тапсырылды, деп хабарлайды ZhambylNews.

Атап айтқанда, Жамбыл және Жуалы, Шу аудандарына 3 автокөліктен берілсе, Қордай ауданына – 11, Меркі және Мойынқұм мен Сарысу аудандарына – 2 автокөліктен, Тұрар Рысқұлов ауданына – 9 автокөлік, Талас ауданына 1 автокөлік табысталды.

Айта кетсек, қалалық жедел жәрдем станциясында 2014 жылы 56 санитарлық автокөлік болған, сол жылы облыстық бюджеттен 4 көлік алынып, барлығы 60 көлік болды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, "Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы" болып өзгертілді.

2018 жылы 253,0 млн теңгеге 27 автокөлік сатып алынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу