Жамбыл облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа ғимараты ашылды

361

2019 жылы құрылған бригада толыққанды әрі қазіргі талаптарға сай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа ғимараты ашылды Фото: Бейнежазбадан

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасына арналған заманауи кешеннің ашылу салтанатына қатысты.

Кешен құрамында 200 адамдық казарма, әкімшілік ғимараттар, сондай-ақ жеке құрамның даярлығы, қызметі және оқу-жаттығуларына қажетті нысандар бар.

Жаңа нысан қажет кезде өңірдің қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге және азаматтар қатарынан дайын әскери резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу