Жамбыл облысында аурухана басшылығы 758 млн теңге жымқырған

281

Бас дәрігердің орынбасары мен бұрынғы бас есепші қамауға алынды.

Жамбыл облысында аурухана басшылығы 758 млн теңге жымқырған Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлімдеді.

"Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп атап өтті Антикор өкілі. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу