Жамбыл облысында ауыл әкімдеріне арналған семинарлар өтті

570

Шара ҚР ҰЭМ мен ҚР-дағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы "Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мақсатында жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру" жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.  

Жамбыл облысында ауыл әкімдеріне арналған семинарлар өтті Фото: gov.kz

Талас ауданының Қаратау қаласында және Меркі ауданының Меркі ауылында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жиналыстарының мүшелеріне арналған жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мәселелері бойынша оқу-практикалық семинарлар өтті.

ҚР ҰЭМ Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұртасқан Әжіметов "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жобасының негізгі қағидаларын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, IV деңгейдегі бюджетті жоспарлау және орындау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ҰЭМ өкілдері сайлау процесіндегі жаңашылдықтар, кандидатураларды ілгерілету және сайланатын әкімдерге қойылатын талаптар туралы түсіндірді. Ашық диалог барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органдары – кеңес, мемлекеттік сатып алу және бюджетті жоспарлау мәселелері көтерілді.

Семинар барысында қатысушылар пікір алмасты. Салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін беру арқылы ауылдық округтердің кіріс базасын ұлғайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату және ауыл әкімдерінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу