Жамбыл облысында "Ауыл аманаты" аясында 518 жоба қаржыландырылды

299

Бағдарлама арқылы 500-ден астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды.  

Жамбыл облысында "Ауыл аманаты" аясында 518 жоба қаржыландырылды Фото: arainfo.kz

Жамбыл облысында "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 2025 жылы жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын 518 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама ауыл кәсіпкерлігінің 110-нан астам бағытын қамтыды. Соның нәтижесінде техникалық қызмет көрсету станциялары, тігін және жиһаз цехтары, жылыжайлар, кірпіш өндірістері, автокөлік жуу орындары, сұлулық салондары, наубайханалар, сүт өңдеу цехтары мен балабақшалар ашылды.

Жобаларды іске асырудың арқасында 500-ден астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар өңірде жаңа өндірістер іске қосылып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік тізбектер қалыптасты.

2026 жылы бағдарламаны жалғастыруға 5 млрд теңге бөлу жоспарланған. Қаражат жаңа бизнес-жобаларды қолдауға, кооперативтер құруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу