Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

455

Жәрмеңкеде жалпы құны 36,1 млн. теңгені құрайтын 50,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. 

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Оның ішінде 8,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,2 тонна бал және 23,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.

Барлығы жәрмеңкеге әр сенбі сайын сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін бара алады.

Жәрмеңке қыркүйек айының соңына дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу