Жамбыл облысында автокөлік бөлшектерінің ұрлығы өршіп тұр

1543

Жамбыл облысында автокөлік бөлшектерінің ұрлығы өршіп тұр

Жамбыл облысында автокөлік бөлшектерінің ұрлығы өршіп тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Жыл басынан бері өңірде 500-ден астам дерек тіркелген.

Статистикаға сәйкес, автокөлік бөлшектері Тараздағы 6,7,8,9 және 13-мөлтек аудандарда жиі тоналады. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді аңдып жүріп ұстайды. Бірақ ұры қамалмайды. Мәселен, полицейлер аккумулятор ұрлығына қатысты 179 істің ізін суытпай ашқан. Алайда осы 179 қылмысты жасағандардың барлығы қазір бостандықта жүр. Неге?

"Себебі жәбірленуші тарап кешірім берген. Сондықтан біз оларды қамай алмаймыз. Арасында бірнеше рет ұрлық жасап ұсталғандар да бар. Осындай 15 адам тіркеуде тұр. Кәсіп қылып алған. Тіпті топ болып жұмыс істейді. Олар заңды әбден біліп алған. Жеке пікірім, қылмыскерлер жазаланып, қамаққа алынуға тиіс. Қазір арнайы алгоритм жасалып отыр. Осыған қатысты прокуратураға ұсыныспен шығып жатырмыз", - дейді облыстық криминалдық полиция бастығы Ардақ Мәдімаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу