Жамбыл облысында авторлық құқықты бұзып, кітаптарды заңсыз сатқандар сотталды

158

Жамбыл облысында авторлардың рұқсатынсыз кітап көшірмелерін сатқан тұлғадан моральдық зиян өндірілді.

Жамбыл облысында авторлық құқықты бұзып, кітаптарды заңсыз сатқандар сотталды Фото: istockphoto.com

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың мәліметінше, сот шешімімен жауапкерден әр талапкердің пайдасына 100 мың теңгеден моральдық өтемақы, сондай-ақ сот шығындары өндірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот анықтағандай, талапкерлер екі әдеби шығарманың авторлық құқық иелері болып табылады. Бұл құқықтар мемлекеттік тізілімдегі тиісті куәліктермен расталған.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылы авторлар өз кітаптарының көшірмелері онлайн магазин арқылы олардың келісімінсіз және белгіленген бағадан төмен сатылып жатқанын анықтаған.

Сот барысында бұл дерек кітап сатып алу бейнежазбалары және баспа өкілдерінің куәліктері арқылы дәлелденді. Мамандар заңсыз сатылған кітаптардың түпнұсқадан баспа сапасы мен безендірілуі бойынша айтарлықтай айырмашылығы бар екенін айтқан.

Сот жауапкердің әрекеті авторлардың айрықша және жеке мүліктік емес құқықтарын бұзған деген қорытындыға келді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу