Қазіргі сәтте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша халық алдындағы есеп жиыны өтуде. Есеп беру барысында өңір басшысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген қаржы көлемі 34,6 млрд теңгені құрап, арғы жылға қарағанда 14%-ға арта түскенін айтты. Бұл туралы "ZhambylNews" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атқарылған жұмыстар облыстың әлеуметтік- демографиялық дамуына оң әсерін тигізді.
Есепті жылы, 2015 жылмен салыстырғанда, бала өлімі 20%-ға, туберкулезбен аурушаңдық 5,7%-ға, туберкулезден өлім 7,7%-ға төмендеді.
Өлім-жітім көрсеткіші тұрақты қалыптасып, 1000 тұрғынға шаққанда 6,1-ді құрады, орташа өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті, 2015 ж. – 71,2 жас болған.