Жамбыл облысында балық шаруашылығы арқылы туризмді дамытуға күш салынады

533

Жамбыл облысында балық шаруашылығы саласында 21 инвестициялық жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында балық шаруашылығы арқылы туризмді дамытуға күш салынады Фото: inbusiness.kz

Рысқұлов ауданында "Nomad" балық шаруашылығында балық саласын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті.

Жиынды ашқан Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов балық өсіру саласы ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі екенін атап өтті.

Жиында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев осы саланың ахуалы жайында баяндады.

"Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасына сәйкес 2022 жылы облыста 464,3 тонна тауарлы балық өндіру көзделген. 2022 жылдың қорытындысымен 483 тонна тауарлы балық өндіріліп, бағдарламадағы көрсеткіш толық орындалды. Биыл 666,1 тонна балық өндіру жоспарда", - деді Олжас Баққараев.

Былтыр жергілікті бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 78,2 млн теңге қаражат бөлінген.

Ал, биыл бұл сома 281 млн теңгеге артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу