Жамбыл облысында бас дәрігер буллинг туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды

191

Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Жамбыл облысында бас дәрігер буллинг туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды Фото: canva.com

Тараз қаласының прокуратурасы "Komekstopbullying" телеграм-боты арқылы "Аяла" облыстық Балаларды оңалту орталығында 3 жасөспірімнің 2 кәмелетке толмаған балаға буллинг көрсеткенін анықтады. 

Зардап шеккен балалардың анасы бұған дейін орталық әкімшілігіне шағымданғанымен, өтініші қараусыз қалғаны белгілі болды.

Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі негізінде 2024 жылдың 25 желтоқсанында облыстық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті оңалту орталығының бас дәрігеріне ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарламау) әкімшілік айыппұл салып, жауапқа тартты.

Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтарды жасыруға жол берілмейтінін ескертеді және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптарды белсенді әрекет етуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу