Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары мен есепші сотталды

140

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлімдеді.    

Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары мен есепші сотталды Фото: bloknot-voronezh.ru

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Шаушенова мен бас бухгалтер А.Достаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің ақпаратынша, олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды. Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады",  делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу