Жамбыл облысында бензин тапшылығы тіркеліп отыр. Тұрғын үй коммуналдық және энергетика басқармасы өкілдерінің мәлімдеуінше, ең өтімді АИ-92 маркалы жанармайдың қоры небәрі 2 мың тонна шамасында қалған. Ал АИ-95 500 тонна. Бұл тек 1 аптаға ғана жетуі мүмкін. Ал бұған дейін Энергетика министрлігі шикізат өндірісін 4 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлағанын мәлімдеген. Оған сәйкес, биыл шикізат көлемі 85 млн тоннаға дейні жеткізілмек.
Қазір Ресейден импортты еселеу мәселесі қарастырылуда. Қыркүйектің басында республикада жанар-жағармай бағасы қымбаттап, тіпті Астана мен Алматыда АИ-92 маркасы 150 теңгеге дейін сатылды. Оған Шымкенттегі өңдеу зауытының уақытша тоқтатылуы басты себеп делінген. Ал Ресейден жеткізілетін бензин құны тым қымбат.