Жамбыл облысында бір-бірін балағаттаған екі көкпаршы жазаланды

197

Олардың әрқайсысы 78 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Жамбыл облысында бір-бірін балағаттаған екі көкпаршы жазаланды Фото: argymaq.kz

Жамбыл облысында көкпардың соңы жанжалмен аяқталып, екі азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жуалы аудандық сотында "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды. 

Сотпен анықталғандай, 2024 жылдың қаңтарында екі азамат Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында жергілікті тұрғындардың көзінше бір-біріне балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. 

"Б. өзінің түсініктемесінде О. атының басы бетіне тиіп, жарақат алып, нәтижесінде екеуінің арасында жанжал басталған. Cот отырысында құқықбұзушылар өздерінің кінәларын толық мойындап, жасалған іс әрекеттеріне өкінетіндерін айтты", – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен екі азаматтың әрқайсысына 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу