Жамбыл облысында бір отбасының 3 адамын өлтіріп кетті, деп хабарлайды otyrar.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен.
Кеше хабарлағанымыздай, Жамбыл облысында әкесі мен оның қызын өлтірген күдікті ұсталған болатын. Ер адамның мәйіті үйінің ауласынан, ал қызының денесі бөлмелердің бірінен табылған. Бірақ күдіктінің тағы бір отбасы мүшесін өлтіргені анықталды. Үйден 150 метр қашықтықта, бұталардың арасынан шаруаның ұлының да денесі табылды.
Кісі өлімі Далақайнар ауылынан 12 шақырым жердегі таулы аймақтағы шаруа қожалығында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа күдікті сол шаруашылықтың 42 жастағы жұмысшысы болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу