Жамбыл облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 34 қылмыстық іс ашылған

940

78 келі есірткі тәркіленген.

Жамбыл облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 34 қылмыстық іс ашылған

Полицияның сенімді серігіне айналғанның бірі жарылғыш зат іздесе, енді бірі қылмыскердің ізіне түсіп, түрлі заңсыз әрекеттерді ашуға атсалысып жүр, деп хабарлайды 24.kz..

Өңірдегі кинологиялық орталықта неміс пен Бельгия "овчаркасы", лабрадор, спаниель тұқымдасына жататын жалпы саны 65 иісшіл ит бар. Оларды 12 кинолог маман баптап, үйретеді.

"2018 жыл бойынша 12 айдың ішінде қызметтік иттердің көмегімен 255 қылмыс ашылды. Жылдың басынан бастап қызметтік иттің көмегімен 34 қылмыс ашылды. Оның ішінде есірткіні табу мен мен ұрлықты табу да бар", – дейді ҚР ІІМ кинологиялық орталығының Жамбыл облысы бойынша аймақтық тобының аға жедел уәкілі Әділхан Шерубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу