Жамбыл облысында биыл обыр дертінен 49 адам қайтыс болған

1378

Былтыр сүт безі қатерлі ісігінен 43 адам көз жұмған екен.

Жамбыл облысында биыл обыр дертінен 49 адам қайтыс болған

Жамбыл облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Абай  Нұржановтың айтуынша, өңірде 7 201 науқас онкологиялық аурулармен есепте тұрады. Оның 1 110-ының дерті жаңадан анықталған. Ал I-II сатыдағылары 59,8 %-ті құраған.

"Онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі 10,9 %-пен екінші орында тұр. Ал бірінші орында өкпе – 11,6, одан кейінгі кезектерде асқазан – 8,8, тоқ, тік ішек қатерлі ісігі 8,1 %-ті құрады", – деді ол.

Статистикалық деректерге жүгінсек, әлемде жыл сайын  1 250 000 сүтбезі қатерлі ісігі тіркеледі екен. Қазақстандағы көрсеткіш 4600-5000 аралығында екенін айтады мамандар. Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігімен 14 59 әйел есепте тұрса, олардың ішінде жаңадан анықталғаны – 121. Осы дерттен жыл басынан бері – 49, былтыр 43 адам қайтыс болған.

Ал есесіне өңірде жұқпалы аурулардың мониторингіленетін  нозологиялық 99 түрінің 26-сында, бруцеллез – 6,5, жел шешегі – 2,7, жіті вирустық гепатит – 2,5, лямблиоз – 2, жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары – 25, тұмау – 2,3, эхинококкоз – 25, туберкулез 13 пайызға төмендеген.

Жамбыл облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсізідігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтің сөзіне қарағанда, 45 нозология бойынша аурулар тіркелмеген, бірақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, тырысқақ, оба, туляремия, іш сүзегі, паратифтер, лейшманиоз, риккетсиоз, безгек ауруларын облыс халқының жұқтыру қаупі әлі де жоғары.

Сала мамандары биылдыққа қызылшамен 431 адам сырқаттанғанын айтады. "Бұл әрбір 100 мың адамға шаққанда 37,8-ден келеді. Аурушаңдық облыстың барлық өңірінде де байқалады. Қызылша ауруының вирусы аймаққа көбінесе жақын шетелдер мен еліміздің басқа өңірлерінен "тасымалдануда". Мұның 45 жағдайы анықталды", – дейді дәрігерлер.

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу